Зорлық-зомбылық фильмдерін көрсетуге тыйым салынады
Зорлық-зомбылық фильмдерін көрсетуге тыйым салынады
3 жыл бұрын 1390 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасына зорлық-зомбылық пен бір жыныстылар қатынасы бейнеленген фильмдерді көрсетуге тыйым салатын заң жобасы енгізілді. Бұл жөнінде РФ мемлекеттік думасының отбасы, әйел және бала мәселелеріне жауапты комитет жетекшісі  Нина Останина мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы көктемге сессияда қарастырылады. Нина Останина бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау органдарын да балаларды жағымсыз ақпараттардан қорғауға атсалысуға шақырды. Осы орайда зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын немесе көріністері жиі қайталанатын фильмдерге заң жүзінде тыйым салған елдер қарасы әлемдн аз. Бұған қандай да бір кадрдың немесе композицияның ажырамас бөлігі немесе фабуласы ретінде қарастырғандықтан шектеу шараларын енгізбейді, дегенмен қандай да бір елдің салты мен санасына, адами құндылықтарға қайшы келетін немесе бастан-аяқ анайы әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа толы  фильмдерге ішінара тыйым салынып жататынын немесе көрермендердің жасына қарай шектеу енгізіліп жататынын айта кетпекпіз.

Ұқсас материал: 

«Әйел тәрізді» ерлерді телеэкраннан көрсетуге тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/alem/aiel-tarizdi-erlerdi-teleekrannan-korsetuge-tyiym-salyndy-15695/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат