Зілзала зардабы: Түркия экономикасы баяулайды
Зілзала зардабы: Түркия экономикасы баяулайды
2 жыл бұрын 800 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Thaier Al-Sudani / Reuters

Ақпан айының бас кезінде Түркияның оңтүстік-шығыс аймағында орын алған жойқын зілзаладан келген шығын есептелді. Бүкіл әлемдік банктің есебінше, Түркия табиғи апаттан 34,2 млрд доллар 34 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жер сілкінісінен үйіндіге айналған аймақтағы инфрақұрылымды қалпына келтіру әрі зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету екі есе шығынды қажет етеді. Бүкіл әлемдік банктің Түркиядағы тұрақты өкілі Хумберто Лопес 40 мыңнан аса адамның өмірін жалмаған жер сілкінісінің салдарынан биыл Түркияның  жалпы ішкі өнімінің өсімі 4-тен 3,5 пайызға дейін бәсеңдететінін алға тартты. Ал зілзала айналып өтпеген Сирияға келсек, қанша шығын келгені әлі айтылған жоқ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұдан былай сейсмикалық қаупі жоғары аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үй тұрғызуға тыйым салынатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат