Зілзала: үйінді астындағы қапаста сириялық бала өзін видеоға түсірді (видео)
|
Зілзаладан қирап үйіндіге айналған, жарық сәулесіз қапастағы сириялық баланың өзін түсірген видеосы интернет кеңістігін шарлап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы twitter әлеуметтік желісіндегі @SubhanJamil17 аккаунтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ажал табатыным немесе тірі қалатыным белгісіз. Осынау үйінді астында отырған адамның сезімін қалай сипаттап берерімді білмеймін»,- деген ол артынша «Көріп тұрғаныңыздай, олар үйінділердің астында», - деп қосады ол қирандылар құлаған дыбысы естілген кезде. «Бұл жерде екі-үш-төрттен астам отбасы және көршілеріміз бар. Құдай бізге жар болсын. Мен оны сипаттай алмаймын», деді. Видеодан әйелдің жанайқайын да естуге болады.
Соңғы дерек бойынша Түркия мен Сириядағы жойқыз зілзаладан қаза тапқандар саны 17 мыңнан асып кеткен.