Зілзала кезінде түрік қоғамының қаһарманы белгілі болды
Зілзала кезінде түрік қоғамының қаһарманы белгілі болды
2 жыл бұрын 1292 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өккеш Елмасоғлы басқаратын қаладан басқа оңтүстіктегі Хатай провинциясының барлығы дерлік үйіндіге айналған жер сілкінісі кезінде Түркияның Ерзін қаласының басшысы Өккеш Елмасоғлы аз уақыт ішінде алыс-жақынға танымал қаһарманға айналды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зілзала дүмпуі қатты сезілген аталған провинциядағы өзге елді-мекендердің жермен-жексен болуына ең алдымен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық себеп болғаны айтылған. Дәлірегі, заңсыз құрылыс етек алған. Ал 42 жастағы Өккеш Елмасоғлы  мұндай «бармақ басты, көз қысты» мәмімелерге жол бермеген, Осылайша жойқын зілзала кезінде талай адамның өмірін сақтап қалған тұлға ретінде тарихта аты қалатын болды. Оның айтуынша, заңсыз құрылыс есебінен баюды көздеген аса ірі құрылыс компаниялар мен концерндер тарапынан өзіне қысым көрсетілмек болғанын да жасырмады. Алайда, олардың бетін табандылықпен қайтарып отырған. Десе де әлеуметтік желіде Ерзін елді-мекеніндегі құрылыстың көбісі ол басшы болмай тұрған тұста салынғаны айтылуда. Қалай десек те бұл жайт жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың қандай апаттарға апарып соқтыратынын көрсетеді. 

0 пікір
Мұрағат