Зертханада өлімге апару қатері 100% құрайтын COVID-19 жұқпалы індетінің жаңа қоздырғышы қолдан жасалды
Зертханада өлімге апару қатері 100% құрайтын COVID-19 жұқпалы індетінің жаңа қоздырғышы қолдан жасалды
11 ай бұрын 993 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Қытайда жүргізілген зерттеу вирустарге тәжірибе жасаудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп берді. Бұл арада жұқтырған адамның өлу қатерін 100%-ға арттыратын, яғни, аман қалдырмайтын COVID-19 қоздырғышының мутанты турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GX_P2V деген атпен белгілі, GX/2017 мутациясына ұшыраған бұл өлімге әкелетін вирус генетикалық тұрғыдан адамға ұқсас кеміргіштердің миына шапқан. GX_P2V мутанты пандемия басталғанға дейін малайзиялық панголиндер бойынан табылған GX/2017 коронавирусының аса қауіпті нұсқасына айналды. Тек миға емес, өзге де өмірлік маңызы зор ағзаларға шабады: бүйрек, өкпе, көз, сүйек, т.б. Осылайша жұқтырған адамның аман қалуы мүмкін емес. Қытай ғалымдарының бұл қауіпті тәжірибесін әлем қауымдастығы мен ғылыми орта қатаң сынға алды. Мәселен, Лондонның университеттік колледжінің сарапшысы Франсуа Баллу мұндай тәжірибелердің адамзатқа берер түк пайдасын жоғын алға тарта келе ең бастысы – қауіпті екенін жеткізді. Кездейсоқ адамға жұқса, оны тоқтату мүмкін болмай қалады. Вирустарға қатысты зерттеу жұмыстары мен түрлі тәжірибелер COVID-19 пандемиясынан кейін белең алып кеткен. Соған қарамастан COVID-19 жұқпалы індетінің шығу тегі әлі анықталмай отыр.

Пікір білдірілмейді.
Мұрағат