Зәулім ғимараттар құрылысына тыйым салынды
Зәулім ғимараттар құрылысына тыйым салынды
3 жыл бұрын 3023 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі кейбір жобалардың сапасына байланысты қауіп-қатердің артуына орай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төбесі көк тіреген зәулім ғимараттар құрылысына тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы The Straits Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, биіктігі 500 метрден асатын ғимараттар құрылысына толық тыйым салынып отыр. Қытайдың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясы осылай деп мәлімдеді. Ал жергілікті билікке биіктігі 250 метрден асатын ғимараттар құрылысына тыйым салу құзыреті беріліп отыр. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жетекші мамандар қадағалаудың аздығынан кейбір жобалардың сапасы сын көтермейтінін алға тартып отыр. Естеріңізде болса, мамыр айында әлеуметтік желіні шулатқан Қытайдың Шэньчжэн аумағындағы SEG Plaza деп аталатын 72 қабатты ғимарат шайқалған болатын. Сол оқиғаға байланысты билік тарапы осындай қадамға барып отыр. Аталмыш комиссия талабы бойынша биіктігі 100 метрден асатын ғимараттар құрылысы қала ауқымы мен оның өрттен құтқару қызметінің қарым—қабілетіне сәйкес келуі тиіс. Биі ғимараттар мен қалалық өмір сүру ортасы кеңесі келтірген дерекке қарағанда, әлемде 500 метрден асатын 10 ғимарат бар екен, оның бесеуі Қытай аумағында. Бұл бес ғимарат: Шанхай мұнарасы (632 м), Шэньчжэндегі Ping An халықаралық қаржы орталығы (599 м), Гуанчжоудағы CTF қаржы орталығы (530 м), Тяньцзиндегі CTF қаржы орталығы (530 м) және Бейжің мегаполисіндегі CITIC Tower ғимараты (528 м). Л әлем бойынша ең биік ғимарат Дубай қаласында орын тепкен Бурж Халифа кешені - 828 м.

0 пікір
Мұрағат