|
Заңсыз қажылық жасаған өзбек азаматтарына жаза қолданылатыны ескертілді
|
Өзбекстан билігі ел тұрғындарына өз бетінше қажылық жасауға тыйым салынғаны ескертілді. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіңне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған республиканың дін істері жөніндегі комитет исламның бесінші парызын діндарлар тек мұсылмандар басқармасы арқылы Саудияның қажылық және ұмра министрлігімен арадағы келісім негізінде ғана орындай алатынын мәлімдеді. Ал қасиетті сапарға өз бетінше аттанғандарға 5 мың долларға дейін айыппұл салынады. Бұған қоса, жарты жылға дейін бас бостандығынан айырылады әрі Саудия аумағынан қуылып, аталған араб еліне келуіне он жылға дейін шектеу қойылады. Ресми арналарды айналып өтіп, заңсыз ққажылықты ұйымдастырғандарды бұдан да қатал жазалар күтіп тұр: оларға 26 мың долларға дейін айыпппұл салынады.