Зайырлылықты көлденең тартып, мұсылмандардың құқығын қашанғы таптайды?
Зайырлылықты көлденең тартып, мұсылмандардың құқығын қашанғы таптайды?
9 жыл бұрын 2778 Хиджаб пен дипломның бірін таңдауға тура келгендердің бірі - Сара

Чехия астанасында медицина колледжінің студенті өзін шариғат шәлісін жамылғаны үшін оқудан шығарып жіберген аталмыш оқу ордасының басшылығын сотқа берді. Тегі сомалилік бойжеткенге 2013 жылы не шариғат шәлісін шешіп, оқуды жалғастыруды, не колледж қабырғасынан кетуді – екінің бірін таңдауды талап етіп, ультиматум қойған болатын. Әлбетте, бойжеткен асыл дініміздің үкімінен бас тартқан жоқ. Онымен бірге ауғандық тағы бір бойжеткен осындай себеппен оқудан шығарылған еді. Бұл жайында  «IslamNews» порталы «Prague Monitor» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жәбірленуші бойжеткен қорғаушысы Радко Корбелова-Дохналовамен бірге нәсілдік әрі діни кемсітушілікке жол берген аталмыш оқу ордасын сотқа берді. Осыдан 3 жыл бұрынғы әділетсіздікке тойтарыс беру үшін. Оның бұл әрекеті қаншалықты нәтижелі болатыны және соттың үкімі кімнің пайдасына шешілетіні әлі белгісіз. Сөз реті келгенде айта кетейік, Чехия президенті Милош Земан исламофобиялық мәлімдемелерімен аты шыққан саясаткер. Тіпті, онысын сыпайылық сақтап, жасырмайды да. Оның айтуынша, «ислам – агрессиялық дін».

0 пікір
Мұрағат