Зәйтүн майы өндірісіне қауіп төнді
Зәйтүн майы өндірісіне қауіп төнді
2 жыл бұрын 1636 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Marcelo del Pozo / Reuters

Зәйтүн майын әлемдегі аса ірі экспорттаушы ел – Испанияда биылғы аптап ыстықтан аталған май өндірісі күрт төмендеп кеткелі тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің ауыл шаруашылық министрі Луис Планастың бұл тарапта келтірген дерегіне қарағанда, әлем бойынша зәйтүн майы экспортының жартысы Испанияға тиесілі. Испандық Jaen компанисының тазартылған зәйтүн майының бағасы астық түсімімен салыстырғанда 8,3 пайызға өсіп кеткен. Тұтастай әлемде түрлі факторларға байланысты азық-түлік бағасы шарықтап келеді. Соның ішіндде зәйтүн майы да кіреді. Жүгері, бидай және арпаны қосқанда Испанияның жалпы астық өндірісі жоғары температура салдарынан биыл 13 пайызға, яғни, 17,5 миллион тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. USDA (АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігі) мәліметтері бойынша, жаһандық зәйтүн майы өндірісі 2022/2023 маусымында 11 пайызға, 2,9 миллион метрикалық тоннаға дейін төмендейді.

 

0 пікір
Мұрағат