|
ЮНИСЕФ: Сирияда он бес бала суыққа шыдай алмай қайтыс болды
|
ЮНИСЕФ халықаралық балалар қорының хабарлауынша, Сирия жеріндегі шатырларда (палатка) тұратын он беске жуық сириялық жас бала қыстың суығынан және медициналық ем-домның жетіспеушілігінен қайтыс болған – деп жазады aljazeera.net сайты. Олардың сегізі Йордания шегарасына жақын орналасқан Рукбан шатырларында тұрса, қалған жетеуі Сирияның солтүстік аймағынан екен. Араларында бір жасқа толмағандар да болған. Олар ауа-райының суықтығына шыдай алмай әрі десе, медициналық көмектің мардымсыздығынан көз жұмған.
Ол аймақтарда шатырларды паналайтын сириялықтардың саны бүгінде қырық бес мыңға жетіп отыр.
islam.kz
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)