Юан әлемдегі ойын ережесін өзгертуі мүмкін, алайда, Қытай цифрлы валютадан қауіптенеді
Юан әлемдегі ойын ережесін өзгертуі мүмкін, алайда, Қытай цифрлы валютадан қауіптенеді
4 ай бұрын 522 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бейжіңдегі беделді экономикалық форумда жарияланған жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес юанның интернациялануы, яғни, әлемдік валютаға айналу көрсеткіші біркелкі емес, десе де жаһандық валюталық нарықта біртіндеп үстемдік алады. Ал сарапшылар Америка құрама штаттарының цифрлы валюта бойынша басымдыққа ие болатынын, осылайша юанның әлемдік валютаға айналуына теріс әсер ететінін ескертуде. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Юанның интернациялану индексі өткен жылы шамамен 11 пайызға дейін артқан – 6,06. Салыстыру үшін алсақ, доллар  2024 жылы 51,13 пайызға өскен, оның алдындағы жылы – 51,52 пайыз. Ал еуроға келсек, 3,8%-ға төмендеп, индекс бойынша 24,07 мәніне ие болған. Интернациялану деңгейімен алғанда юан британ фунтынан да (индекс – 4,47) және жапон иенінен де (3,69) алға озған. Десе де сарапшылар АҚШ билігі қолдау көрсетіп отырған, доллармен қамтамасыз етілген стейблкоинның ықпалы артып келеді. Бұл цифрлы валюта доллардың үстемдігін  сақтап қалады. Стейблкоиндер кез келген фиаттық валютаға (Фиатты валюта - валюта түрі, оның құнын мемлекет белгілейді және алтын немесе күміс сияқты бағалы активтермен қамтамасыз етілмейді, дәлірегі, қоғамның сенімімен қамтамасыз етіледі) байланыстырылғанымен, олардың 99 пайыздан астамы қазіргі уақытта АҚШ долларымен немесе долларлық активтермен қамтамасыз етілген - бұл жаһандық төлемдердегі жасыл валютаның шамамен 50 пайыздық үлесінен және жаһандық валюта резервтеріндегі 58 пайыздық үлестен едәуір асады. Стейблкоин доллармен қамтамасыз етілгендіктен цифрлы кеңістік арқылы АҚШ ақшасы өз ықпалын ұлғайта алады.

0 пікір
Мұрағат