Ысырапшылдыққа қарсы заң қабылдады
|
Италияда артылып қалған тағам аш халыққа таратылады. Ел Парламенті азық-түлік қалдықтары туралы жаңа заң қабылдады. Құжатта жарамдылық мерзімінен өткен және тауарлық өңі кеткен өнімдерді мұқтаж адамдарға берген зауыт пен дүкендерді мадақтау қарастырылған. Мемлекет кәсіпкерлердің мұндай жомарттығы үшін оларға салықтық жеңілдіктер уәде етіп отыр. Айта кеткен жөн, жыл сайын италиялықтар тұтынуға жарамды 5 млн тонна азық-түлікті лақтырып тастайды. Ысыраптың салдарынан ел экономикасына 12 миллиард еуро көлемінде нұқсан келтіріледі. Бұл Италияның ішкі жалпы өнімінің 1 пайызы. Марко Луккини, «Banco Alimentare» қайырымдылық қорының бас директоры: - Әдетте қайырымдылық ұйымдары фермерлерден, кәсіпорындардан, супермаркеттер мен мейрамханалардан жылына шамамен 500 000 тоннадай азық-түлік жинайды. Кәсіпкерлермен өзара байланыс бұрыннан орнаған. Бірақ, жаңа заң бұдан да көп тамақ өнімдерін жинауға мүмкіндік береді. Бір қызығы, жаңа заңда мейрамханаларға қатысты арнайы бап бар. Онда тамақтану орындарын азаматтардың өтініші бойынша "отбасылық сөмке" деп аталатын қолдорба беруді міндеттейді. Бұл тұтынушының тауыса алмаған тамағын үйіне алып кетуі үшін жасалып отыр.