Ысырапқа жол жоқ: арабтар ысырапшылдықпен қалай күреседі
Ысырапқа жол жоқ: арабтар ысырапшылдықпен қалай күреседі
6 жыл бұрын 3842 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияда көп ұзамай тамақты ысырап етушілер жауапкершілікке тартылып, жазалануы мүмкін. Яғни, тамағын тауыспағандарға айыппұл салынатын заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудия тұрғындары азықты ысырап етуде алдына қара салмайтын елдердің қатарында. Дәлірегі, жан басына шаққанда тамақ қалдығының мөлшері бойынша көш бастап тұр. Орташа есеппен алғанда, аталған елдің әр тұрғыны 250 келі азықты қоқысқа тастайды екен. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 115 келіні құрап отыр. Аталған мемлекеттің қазынасы осындай ысырапшылдықтан жылына 13 млрд доллар шығын көреді. Аталмыш заңды қабылдаудағы мақсат та халықты тамақтану мәдениетіне баулауға саяды.  Егер бұл қабылданып жатса, онда мейрамхана клиенті жалпы салмағы 1 келіден асатын жемей қалдырған тамағы үшін 5 пайыздан 20%-ға дейін ас құнынан жоғары төлейтін болады. Айыппұл төлегің келмесе, тамақты өзіңмен бірге ала кетуің керек. Аталған заңның шикі тұсы да осында: былай шыға, елдің көзін ала қоқысқа төге салса, оны кім бақылап жатыр дейсің. 

0 пікір
Мұрағат