Ядролық қаруға тағы екі ел ие болуы мүмкін
Ядролық қаруға тағы екі ел ие болуы мүмкін
2 жыл бұрын 1018 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Hamed Jafarnejad / Fars News / Reuters

Иран жаппай қырып-жоятын қарудың келесі иесі болуы мүмкін. Өйткені, Шиғалар елінің ядролық қару жасаудың саяси алғышарттарына ие әрі техникалық әлеуеті, ресурсы да жеткілікті. Америкалық Atlantic Council сараптамалық орталығының сауалнамасына қатысқан сыртқы саясат сарапшылары осындай пікірде. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауалнамаға қатысқан 149 сарапшының 68 пайызы алдағы 10 жылда Иран «ядролық клубқа» қосылады деп болжаса, 32 пайызы Сауд Арабиясының да Иран факторына байланысты ядролық қаруға қол созатынын алға тартқан, 19 пайызы Оңтүстік Корея, 14 пайызы Жапония ядролық қаруға ие державалардың қатарын толықтыруы мүмкін екенін жеткізді. Сонымен қатар, сарапшылардың 13 пайызы алдағы онжылдықта жаңа ядролық державалар болмайтынын айтқан. Дегенмен, сарапшылардың көпшілігі – 58 пайызы – алдағы 10 жылда ядролық қарудың қолдануы екіталай деп санайды. Респонденттердің тағы 14 пайызы Ресейдің мұндай қадамға баруы мүмкін екенін айтса, тағы 10 пайызы Солтүстік Кореяны атады. Ираннан кейін ядролық қаруға Оңтүстік Корея қол созуы мүмкін, 19FortyFive шолушысы Роберт Келлидің топшылауынша, Солтүстік Кореядағы зымыран сынақтарының жиі қайталануы аталған елді осындай қадамға итермелеуі мүмкін. Оның пікірінше, Сеулдің өз ядролық бағдарламасын дамыту пайдасын көздейтін екі негізгі дәлелі бар. Біріншісі – АҚШ-қа жетуге қабілетті құрлықаралық баллистикалық зымырандардың Пхеньянда пайда болуына байланысты Вашингтонға деген сенім төмендеуде. Екіншісі – АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қауіпсіздік саясатына қатысты көзқарастарының алшақтығы: Сеул үшін Пхеньянға қарсы тұруды жалғастыру және Бейжіңмен сауда-саттықты жалғастыру маңызды. Вашингтонның бұл тараптағы позициясы ұлы державалардың бәсекелестігіне негізделген. Көбінесе қандай да бір мемлекетте атом қаруының пайда болуы «домино» эффектісін тудырады – оған жау елдің де ядролық қаруға қол созады: КСРО АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде ядролық бомбаға ие болды, Пәкістан - Үндістаннан кейін жаппай қырып-жоятын қаруға ден қойды. Бұл бағытта Иран ядролық қаруға ие болса, Саудия да қарап қалмайтыны белгілі.

0 пікір
Мұрағат