WhatsApp-тағы жазбалардың оқылатыны әрі қолды болатыны әшкере болып жатыр
WhatsApp-тағы жазбалардың оқылатыны әрі қолды болатыны әшкере болып жатыр
3 жыл бұрын 1622 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

WhatsApp мессенджерінде мәліметтер соңына дейін шифрланады (сіздің хабарыңызды қорғайды), сол себепті, ондағы пайдаланушылардың жазбасын компания қызметкерлері оқи алмайды деген сөз жалған болып шықты. Тәуелсіз ProPublica онлайн-басылымның тілшілері осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің тілшілері бұл тарапта арнайы тергеу-тексеру жүргізіп, күн сайын миллиондаған хабарларды жүздеген модераторлардыңң оқитынын әрі оны АҚШ-тың арнайы қызметі мен өзге де билік органдарына табыс ететінін жария етті. Тілшілер келісім-шарт негізінде уақытша жалданған, кем дегенде мың адамның WhatsApp мессенджеріндегі жазбаларды оқитынын алға тартып отыр. Олардың кеңселері Техас штатына қарасты Остинде, Дублинде және Сингапурде орналасқанын да анықтаған екен. Олар сырттай моредатор рөлін атқарады, дәлірегі, олар пайдаланушылардың шағымы бойынша өзге біреудің жазбасын оқуға қол жеькізе алады, алайда, шын мәнінде, мамандар дау тудырған жазбаны ғана оқып қоймай, сонымен қатар, оның алдындағы тағы төрт жазбаны оқи алатын болып шықты. ProPublica тілшілері атап өткендей, мұндай мамандардың болуының өзі WhatsApp мессенджерінде шифрдың қолданылмайтынын дәлелдеп береді. Дәлірегі, шифрлеу технологиясын былай түсіндіруге болады: аталған мессенджердегі жазба жөнелтілген кезде құпияланады да тиісті адам оқығанда кодтан «арылады. Осылайша тілшілер WhatsApp мессенджерінің қожайыны, Facebook компаниясының жетекшісі Марк Цукербергтің «WhatsApp-тың қауіпсіздігі сондай, тіпті, компанияның өзі ондағы азбалардың бір сөзін де оқи алмайды» деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл жалдамалы қызметкерлер Facebook -тің арнайы бағдарламасын пайдаланып, WhatsApp қолданушылары сәйцкес емес деп тапқан, компанияның жасанды зерде жүйесімен расталған жеке хабарламаларды, суреттер мен видеоларды сүзгіден өткізеді. Моредаторлар хабарламалар тасасында не жасырулы жатқанын (алаяқтық әрекет, спам, балалар порнографиясы немесе террористік жоспар, т.б.) бір минутқа жеткізбей анықтайды. WhatsApp коммуникациясы жөніндегі директор Карл Вуг бірнеше қалада моредаторлардың мессенджер пайдаланушылардың жазбасына қол жеткізе алатынын мойындап отыр.

ProPublica — әлемге әйгілі тәуелсіз медиа, штаб-пәтері Нью-Йорк мегаполисінде орналасқан. Соңғы 11 жылда ProPublica осындай аты-шулы істерді тергеп, әшкерелегені үшін жеті рет беделді Пулитцер сыйлығына ие болған. 

0 пікір
Мұрағат