ВИЧ-инфекциясы барларды елден қуып жатыр
ВИЧ-инфекциясы барларды елден қуып жатыр
7 жыл бұрын 3379 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі ВИЧ-инфекциясы бар шетелдіктерді ел аумағынан дереу ары асырып жіберуге пәрмен берді. Бұл жайында аталмыш елдің денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігінің профилактикалық медицина басқармасының жетекшісі Амр Кандил мәлім етті. Оның айтуынша, бұдан былай жаңа жарлық пен ережеге сәйкес ВИЧ-инфекциясын бар-доғын анықтау мақсатында Мысырға оқуға немесе жұмыс істеуге келген әрбір шетелдік азамат арнайы медициналық тексеруден өтіп, дәлірегі, қан тапсыруы тиіс. Егер оның анализі теріс нәтижес көрсетсе, яғни, аталған инфекция жұқтырғаны белгілі болса, дереу елден шығарылады. Ал осы инфекцияны жұқтырған, яғни, есепте тұрған мысырлық азаматтарға қажетті дәрі-дәрмек беріліп, ел аумағындағы емханаларда тегін ем қабылдай алады. Қазіргі уақытта пирамидалар елінде 3 мыңнан аса адам аталған инфекция бойынша тіркелген, олардың 92-і балалар. 

0 пікір
Мұрағат