|
Вьетнам интеграция үшін қауіпті тәжірибені жүзеге асырмақ
|
Оңтүстік-шығыс Азия елінің мектеп қабырғасында келесі жылдан (2026) бастап көрші елдердің, атап айтқанда, Лаос, Камбоджия, Тай және Индонезия тілдерін оқыта бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Вьетнамның білім беру және кәсіби даярлық министрлігіне жөн сілтеген eVnExpress ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен аптада жаңартылған 2026-35 жылдарына арналған оқу бағдарламасында қамтылған шетел тілдерін, соның ішінде, камбоджалық тілді 2028 жылдан бастап, ал тай және индонезиялық тілдерді 2030 жылдардан бастап оқыта бастайды. Осылайша Вьетнам бірнеше тілді оқыту арқылы жас ұрпаққа орасан зор салмақ салу есебінен аймақтың интеграцияға басымдық бермек. Дәлірегі, көрші елдермен бекіткен арадағы келісім аясында әлемде алғаш рет осындай тың жоба жүзеге асырылмақ. Вьетнамның білім беру және кәсіби даярлық министрі Нгуен Ким Сон әлемде алғаш рет жүргізілмек мұндай тәжірибені Лаоспен арадағы шекара маңындағы аудандарда алдымен жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Вьетнамның мектептерінде 1-ші сыныптан 12-ші сыныпқа дейін ұзын саны 14 млн-нан аса оқушы білім алып жатыр. Бүгінгі таңда. Көрші елдердің тілін қоспағанда, аталған елдің мектеп қабырғасында ағылшын, қытай, француз, неміс, жапон, корей және орыс тілдері шет тілдері ретінде оқытылады. Ағылшын тілі елдің барлық мектебінде, яғни, бүкіл ел аумағында оқытылады. Ал француз тілдерінде білім алып жатқан студенттер саны - 30 700; одан кейінгі орында жапон тілі - 20 800; қытай тілі - 14 400. Дегенмен, бұл елде мамандар тапшы. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін сол тілдің өкілдерін де тартуды әрі жасанды зерде технологиясының мүмкіндіктерін пайдалануды ұйғарып отыр.