Вьетнам да криптовалютаның құқықтық базасын әзірлеуге кіріседі
Вьетнам да криптовалютаның құқықтық базасын әзірлеуге кіріседі
9 ай бұрын 1422 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің премьер-министрі Фам Мин Шин қаржы министрлігі мен мемлекеттік банкке осы айдан қалмай цифрлы актив бойынша құқықтың базаны әзірлеуге пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қаржы министрлігі криптовалютаға қатысты мемлекет саясатыни анықтап, цифрлы активті басқаруға қатысты маңызды жобаға жетекшілік етуі тиіс. Қолданыстағы ережелер банктік алдын ала төленген карталар мен электрондық әмияндар секілді фиатты валютаға негізделген электронды ақша тұжырымдамасына ғана қатысты. Цифрлы активтердің нормативті-құқықтық базасының болмауынан Сингапурда немесе Америка құрама штаттарында тіркелген, кейін Вьетнамда жұмыс істейтін көптеген кәсіпорындардан салық түспейді. Соның кесірінен аталған ел қыруар пайдадан айырылып отыр. Вьетнам блокчейн-қауымдастығының мәліметіне сәйкес 2021 және 2022 жылдары Вьетнам цифрлық активтерге иетұрғындар қарасы халықтың жалпы санына шаққанда 21%-ға жеткен. Вьетнам цифрлы актив иеленушілер саны бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы үш елінің қатарына кіріп, Біріккен Араб Әмірліктері мен АҚШ-тан кейінгі орыннан көрінген. Chainalysis нарықты талдау ұйымынің келтірген дерегіне қарағанда, 2023 жылы Вьетнамда цифрлы активтер мөлшері 120 миллиард долларға жеткен.

0 пікір
Мұрағат