Венадағы мұсылмандар саны 30 жылдың ішінде екі есеге артуы мүмкін
|
Австрияның WIREL талдау орталығы өз зерттеулерінің нәтижесін жария етті: алдағы ширек ғасырдан аса уақыттың ішінде елдегі христиандар мен католиктердің қарасы азайып, мұсылмандардың қатары қарқынды түрде артатын болады. Яғни, Австрия астанасының тұрғындарының үштен бірін мұсылмандар құрайтын болады. Дәлірегі, мұсылмандар саны 21 пайызға артпақ. Бұл жайында The Local ақпарат көзі хабар таратты. Әлеуметтанушылардың дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда Вена қаласы тұрғындарының 41 пайызы өздерін католиктердің қатарына жатқызып жүр. 4 пайызы – протестант; 12 пайызы – мұсылман; 0,5 пайызы – иудей; қалған 30 пайызы өздерін атеист санайды. Алдағы 30 жылдың ішінде католиктердің қарасы 33 пайызға дейін кемиді. Ал мұсылмандар саны туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты күрт артатын болады.