Вегетариандық дінмен теңестірілуі мүмкін
|
Ұлыбританияда вегандықты діни сенімге ұқсас наным-сенім қатарында қарастыру мәселесі көтерілуде. Яғни, осылайша "Теңдік туралы акті" қорғауына алынатын болады. Британия тұрғыны Джорди Касамитжана осындай бастама көтергені үшін жұмысынан да қуылғанын айталы әріптестері. Өйткені, ол жұмыс істеген компания жануарларға сынақ жүргізуге қаржы бөліп отырған. Британ тұрғыны осылайша кемсітушілікке ұшыраған екен. Джорди жануарлардың етін жемек тұрмақ, "этикалық вгендық" ұғымын қолданысқа, қоғамға енгізуге күш салып жүр. Оның ойынша, вегандар тек өздерінің денсаулықтарын ойлап қоймай, қоршаған ортаға зиян келтіретін кез келген (оның түсінігінше, жануар етін жеу, сүтін ішу, терісі мен түгінен киім тігу қоршаған ортаға зиян) әрекет айыпталуы тиіс деп санайды. Сөз орайы келгенде "Теңдік туралы актінің" не екенін айта кетейік: адамдарды наным-сеніміне, жасына, жынысына, нәсіліне, жүктілігіне, кемтарлығына қарай алалау кемсіту болып табылады.