Вегандық дінмен теңестірілді
Вегандық дінмен теңестірілді
5 жыл бұрын 2407 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың қаңтар айының 3-і күні Ұлыбританиядағы сот вегандықты діни сеніммен және философиялық көзқараспен теңестірді. Британдық соттың мұндай шешім қабылдауына осы елдің Джордж Касамитджан есімді тұрғынының шағымы себеп болды. Жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын жұмыс беруші компания оны вегандығы үшін жұмыстан қуған екен. Өйткені, Джордж Касамитджан өзі жұмыс істейтін компанияның жануарларға жүргізілетін тәжірибелер үшін қаржы бөледі деп күмәнданған болатын. Бүгінгі таңда етті, тіпті, жануардың терісінен тігілген киімді, бұйымдар мен заттарды тұтынбайтын вегандар қарасы әлем бойынша артып келеді. Вегандық қандай да бір наным-сенім деуге келмейді, алайда, белгілі бір үрдіс ретінде қарастырылады. Вегандықтың маңызы жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне байланысты артып келеді – қоршаған ортаны, соның ішінде, жануарларды қорғау бағыты бойынша. Осыны ескерген сот вегандарды да өзге наным-сенім өкілдері секілді діни кемсітушілікке ұшырамауы, шетқақпай болмауы керек деп ұйғарған еді. Вегандар тек етті немесе жануардың терісінен тігілген киімді я болмаса олардың мүйізі мен тұяғынан жасалған зат пен бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар, тауықтың жұмыртқасын да, балдың арасын да, сүт өнімдерін де,т.б. тұтынбайды. Осы жағынан да қандай да бір наным-сенім өкілдеріне жатқызуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат