Ватикан бір жыныстылардың некесін сынға алды
Ватикан бір жыныстылардың некесін сынға алды
10 жыл бұрын 2931

Ватикан бір жыныстылардың некесін қатаң сынға алды. Бұл жайында «Lenta.ru» ақпарат көзі хабар таратты. «Ирландияда өткен бір жыныстылардың некесін заңдастыру туралы референдум нәтижесі, яғни, бір жыныстылардың некесін жақтап дауыс бергендердің мерейінің үстем түсуі тек христиандық қағидалардың ғана емес, сонымен қатар, бүкіл адамзаттың жеңіліске ұшырағанын көрсетіп берді», - деп мәлімдеді Ватиканның мемлекеттік хатшысы, кардинал Пьетро Паролин. Ал Дублин архиепископы Диармуид Мартин бұл референдум нәтижесі «жастардың көзқарасын білдіргендіктен», олармен тіл табысып, жұмыс істеудің қажеттілігіне тоқталды. Яғни, әлі оң-солын бағамдай бермейтін жастарды тәрбиелеудің маңыздылығын алға тартты. Естеріңізге сала кетейік, Ирландияда бір жыныстылардың некесін заңдастыруға қатысты референдум үстіміздегі жылдың мамыр айының 22-і күні өткен болатын. Ел тұрғындарының 62 пайызы (шамамен 12 млн адам) бір жыныстылардың некесін жақтап, дауыс берген. Ал қарсы дауыс бергендер 37,9 пайызды (734 мыңнан аса адам) құраған. Осылайша Ирландия қызтекелердің некесін заңдастырған Еуропадағы 13-ші ел атанды.

0 пікір
Мұрағат