Валютаны валютаға айырбастау машақатынан құтқаратын QR-төлем жүйесі екі елге де қолайлы болып шықты
Валютаны валютаға айырбастау машақатынан құтқаратын QR-төлем жүйесі екі елге де қолайлы болып шықты
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2025) Индонезия пайдасына  5,89 млн QR-транзакция жасалған. Бір ғана елден - Оңтүстік Кореядан. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия Банкі мен Корея Банкі екі ел арасындағы трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, өздерінің QR-төлем жүйелерін ресми түрде байланыстырған еді. Индонезиялықтар енді Оңтүстік Кореяда QRIS арқылы ішкі қосымшаларды пайдалана отырып, шетел валютасын тікелей айырбастай алады. Мәмілелер тікелей екі елдің жергілікті валюталарында жүргізіледі. Осылайша оңтүстік-шығыс Азиядағы екі елдің орталық банктері ортақ жобаны сәтті жүзеге асырып, QR-жүйесін экономикалық байланыстың бір тармағына айналдырып келеді. Аталмыш жобаға ASPI құрамындағы төлем инфрақұрылымын жеткізушілерді қоса алғанда Индонезияның төлем жүйелері қауымдастығы (ASPI), Корей қаржылық телекоммуникациялар және клиринг институты (KFTC) атсалысады. 2025 жылы Индонезиядағы кіріс транзакцияларының саны 5,89 миллионнан асқан. Бұл көрсеткіш орталық банктің дерегіне сәйкес 1,68 миллион шығыс транзакцияларынан жоғары. Бұл трансшекаралық QRIS-тің Индонезия экономикасына оң әсер еткенін көрсетіп берді. 2026 жылғы ақпан айындағы мәлімет бойынша QRIS-тің 60,77 миллион пайдаланушысы бар.

0 пікір
Мұрағат