Ұшып жүретін баланың фото-суреті ғаламторды бағындырды
Ұшып жүретін баланың фото-суреті ғаламторды бағындырды
10 жыл бұрын 9253

Уил Лоуренс туабітті Дауна синдромымен сырқаттанады. Әйтсе де, оның бұл кеселі әлемнің әр түкпірінен оған деген қызығушылықты арттырмаса, кеміткен емес. Кәсіби фотогроф әкесі оның фото-суреттерін ғаламторға жариялауы сол екен, Дауна синдромымен сырқаттанатын бала бірден ғаламтор жұлдызына айналып шыға келді. Бұл жайында америкалық The Huffington Post басылымы хабар таратты. Басынан бастасақ, осыдан 17 жыл бұрын АҚШ-тың Юта штатының тұрғындары болып табылатын Алан мен Никки Лоуренстіңотбасында бесінші шарана дүниеге келген болатын. Алайда, олардың қуаныштары ұзаққа бармады: олар дәрігерлерден баланың Дауна синдромымен сырқаттанатын естіп білген еді. Шарананы қараған педиатр оларды тура осындай дертке шалдыққан 8 жастағы баламен таныстырады. Бүгіндері 17 айлық Уидтың «ұшып жүрген» фото-суреті әлемнің назарын өзіне аударып отыр. Сөз реті келгенде айта кетейік, орыстың көрнекті фантаст-жазушысы Александр Беляевтың «Ариэль» атты романы бар. Онда ұшатын жігіттің тағдыры сөз болған.

5 пікір
Мұрағат