Ұшқышсыз ұшатын аппараттармен күресуге арналған лазерлік қару жасалды (видео)
Ұшқышсыз ұшатын аппараттармен күресуге арналған лазерлік қару жасалды (видео)
2 ай бұрын 1261 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Rafael қорғаныс концерні ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен күресетін жаңа жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл инновациялық қару радармен, лазерлік жүйемен және 30 мм зеңбірекпен жабдықталған брондалған көлік ретінде алға шығады. «Лазерлі көлік» ретінде белгілі жүйе негізінен IDF құрлық күштерін дрондардан қорғауға арналған, алайда, оның ауқымы салыстырмалы түрде шектеулі. Аталмыш кешенге Lite Beam лазерлік жүйесі және 30 мм зеңбірекпен жабдықталған Samson қашықтан басқарылатын жауынгерлік модулі кіреді. Барлық осы элементтер радиолокациялық және басқа жабдықтармен бірге дизелді қозғалтқышпен және автоматты беріліс қорабымен жабдықталған Ford негізіндегі брондалған шассиге орнатылған. Лазерлік жүйе небәрі 7,5 киловатт қуатқа ие және 100-ден 2000 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды жоюға қабілетті. Салыстыру үшін алсақ, неғұрлым қуатты және қымбат тұратын Magen Or (Light Shield) кешенінде қолданылатын лазерлердің қуаты 100 киловатттан асады.

0 пікір
Мұрағат