|
Ұшқыш мұсылман әйелі шейіт атанды
|
Пәкістанда жойғыш ұшақтың тізгінін ұстаған ұшқыш мұсылман әйел Мәриям Мұхтияр қаза тапты. Шариғат шәлісін жамылған, FT-7PG жойғыш ұшағын тізгіндеген мұсылман әйел жаттығу кезінде техникалық ақаудың салдарынан опат болды. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Пәкістанның әскери әуе күштерінде қызмет ететін марқұм шейіт атанды. «Офицер Мәриям Мұхтияр шейіт болды. Ол осы құрметке лайық болған Пәкістанның ӘӘК-терінен шыққан тұңғыш әйел»,- деп айтылған хабарламада. Оның ұшағы ел астанасы – Исламабад қаласынан батыс-оңтүстікке қарай 175 шақырым қашықтықта апатқа ұшырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді