Ұшқыш әйелдер ұшқары пікірлерге тойтарыс береді
|
Малазияның бюджетке қарайтын AirAsia әуе компаниясы ұшқыш әйелдерге арнап, фирмалық хиджап тікті. Аталған әуе компаниясында ұшқыш мұсылман әйелдер аз емес: AirAsia штатында 55 ұшқыш әйел бар екен. Олар ендігі жерде жаңа форма киеді: шариғат шәлісі ақ түстен болады. Олардың 12-сі дін әмірлерін орындап жүрген әйелдер. Ұшқыш әйелдерге арналған хиджапты Naelofar Hijab брендін ойлап тапқан Нилюфа есімді модельер тіккен. Айта кетейік, соңғы жылдары әйелдер, соның ішінде, мұсылман әйелдер барлық мамандықты игеріп, барлық салада бақтарын сынап келеді. Тағы бір айта кететіні, осы жылдың наурыз айында Air India әуе компаниясы Халықаралық әйелдер күнін өзгеше атап өтті. Нақтырақ айтқанда, Нью-Делиден Сан-Франциско қаласына дейінгі ең ұзақ маршрут бойынша толық әйелдер экипажын ұшырды.