Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін аймақтар аталды (2019 жылдың нұсқасы)
Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін аймақтар аталды (2019 жылдың нұсқасы)
6 жыл бұрын 3813 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Егер үшінші дүниежүзілік соғыс 2019 жылы бастала қалса, соғыс өрті тұтануы мүмкін ең қауіпті аймақтар аталды. АҚШ армиясының әскери колледж профессоры Роберт Фарлидің ойынша, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін аймақтарға Оңтүстік-Қытай теңізі, Украина, Парсы шығанағы және Корей түбегі жаталы. Бұл жайында The National Interest ақпарат көзі хабар таратты. Профессордың айтуынша, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі соғыс өрті алдымен аталған аймаққа ықпалын арттырып келе жатқан Қытай мен АҚШ қарул күштерінің арасында тұтануы ықтимал. Екі алып державаның арасында сауда соғысы жүріп жатқанын білесіздер, сауда соғысының арты қарулы қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін жоққа шығармайды сарапшылар. Қырым түбегін басып алған Ресей мен Украина арасындағы жанжал таяуда, дәлірегі, қараша айының 25-і күні Кершен бұғазында орын алған оқиғадан соң мүлдем ушығып кеткен болатын. Кершен бұғазындағы жағдай онсыз да әлемнен оқшауланып қалған, санкция астында қалған Ресей мен батыс елдері арасын қатты алшақтатып жіберді. Естеріңізде болса, Украина басшысы Петр Порошенко елде әскери жағдай енгізген болатын. Желтоқсан айының 26-на дейін. Парсы шығанағындағы Иран, Сирия және Йемен аумағындағы кез келген бақылаудан шығып кететін жағдайдың арты үшінші дүниежүзілік соғысқа себеп болуы мүмкін. Аталған аймақта Ресейдің, АҚШ-тың және Қытайдың мүддесі терең қайшылыққа құрылған. Төртінші аймаққа жатқызылған Корей түбегіндегі жағдай АҚШ пен Солтүстік Корей басшылары арасындағы қатынастан жұмсарғанымен бұл жағдай өте нәзік деңгейде қалып отыр. Ке келген сәтте түбегейлі өзгеріп сала беру ғажап емес. 

0 пікір
Мұрағат