Ұшаққа жармасқан парашютші 30 минут бойы аспанда ілініп тұрды (ВИДЕО)
Ұшаққа жармасқан парашютші 30 минут бойы аспанда ілініп тұрды (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 2395

Фернандо өз өміріндегі ең қауіпті де қорқынышты 30 минутын аспанда өткізді. Ол парашютпен секірген кезде комбинезоны ұшаққа ілініп қалды. 

Соның салдарынан жарты сағат бойы ұшақтың астында салбыраған күйі өлім мен өмір арасында күй кешті.

Дегенмен ешқандай көмек болмайтынын түсінген ер адам әупірімдеп босана алды. Ол өзінің комбинезонының шалбарын пышақпен кесіп тастады. Осыдан кейін парашютін ашып, жерге сәтті қонды.

Айта кетер жайт, ол зардап шеккен жоқ. Тек әуеде босануға әрекет жасаған кезінде қолдарын жарақаттаған, деп хабарлайды russian.rt.

 

Шоу жасаған ұшақ суға құлап, ұшқыш ажал құшты (ВИДЕО)

ҚазАқпарат - Бразилияның Сальвадор қаласындағы жағалауда көпшіліктің көз алдында ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ұшақ жағалау қонақтарының көңілін көтеру үшін әуеде шоу жасаған. Бірақ не болғаны белгісіз, әуеде ұшып жүрген ұшақ жағалаудағы суға барып құлаған. Құтқарушылар дереу көмекке ұмтылып, ұшқышты аман алып шыққанымен, ауыр соққы алған ол ауруханада көз жұмды. Апат себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды 24.kz. 

0 пікір
Мұрағат