Үш мың қажы Меккеде тегін тұратын болды
|
Келесі жылы 3000 өзбек қажысы қасиетті Мекке қаласындағы қонақ үйлерде қажылық маусымы кезінде тегін тұратын болды. Олардың қонақ үй жалдау ақысын, яғни, шығынын саудиялық Уақып комитеті көтереді. Бұл жайында Өзбекстанның министрлер кабинеті жанындағы дін істері жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Өзбек қажыларының қасиетті сапарға арнайтынын шығындарының бір бөлігін көтеріп алуға келіскен саудиялық уақып қорының мұндай қадамға Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұриман Әбдіхасан мен Уақып комитетінің жетекшісі Хабиб Мырза Бұхари арасында жүргізілген келіссөз нәтижесінде барып отыр. Биыл Өзбекстаннан 7,2 мың адам қасиетті сапарға аттанған екен. Олардың әрбіреуі Мекке қаласына сапарына 4700 долларды қалтасынан төлеген.