Үш мұсылман мемлекеті әскери ынтымақтастықты тереңдетпек
|
Қорғаныс саласында соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әскери өнімдерінің экспорты артқан Түркия және ядролық қаруға ие Пәкістан, сондай-ақ, Сауд Арабиясы әскери ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің Daily Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, мұндай маңызды келісімге Пәкістанның Рабалпин қаласында келген. Дәлірегі, бұл арада қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ізденістер зерттеулерді бірігіп жүргізу, әскери құралдар мен техникаларды және технологияны бірігіп әзірлеу турасында сөз болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін аталған үш елдің техникалық, интеллектуалды, қаржылық және маман ресурстары жұмылдырылады. Бұл үштіктің осы бағыттағы келесі кездесуі Саудия астанасында өтеді.