|
Үш мұсылман елі Османлы мұрасын жаңғыртатын іргелі жобаны қолға алады
|
Түркия, Сирия және Иордания тарихи Хижаз темір жолын жаңғырту жөніндегі үш жақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу Шығыстағы сауда жолдарының жаңа архитектурасын қалыптастыруға арналған осы құжатқа қол қою рәсімі 2026 жылдың сәуір айының 7-і күні Иордания астанасы Амманда өтті, онда үш мемлекеттің көлік министрлері: Нидал Катамин (Иордания), Әбдіқадыр Оралоғлы (Түркия) және Жарып Бәдір (Сирия) кездесті. Қол қойылған келісім шарттарын бір ізге түсіру және бұл тараптағы саясатты үйлестіру үшін арнайы кәсіби комитет құрылады, Аталмыш комитет құрлықтық, теңіз және теміржол тасымалдары саласындағы ынтымақтастық үшін кешенді, институциялды және техникалық негізін қалыптастыратын болады. Түркия Сирия аумағындағы 30 шақырым теміржол желісін қалпына келтіруге қаржыны өз мойнына алды, ал тараптар 13 жыл соғыстан үзілген Сирия аумағы арқылы Түркия мен Иордания арасындағы автокөлік қатынасын қалпына келтіруге келісті. Алайда, бұл кездесу техникалық деңгейде қалды - оған бірінші тұлғалар емес, министрлердің орынбасарлары мен департамент директорлары қатысұан болатын. Қазіргі келісім - бұл сол келісімдерді толықтыруға әрі пысықтауға арналған: нақты кезеңдері бар үш жылдық жол картасы бекітілді, тұрақты жұмыс топтары құрылды, бұдан бөлек, жобаның географиясы кеңейтілді - тек Хижаз жолын қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар, Парсы шығанағы, Орта Азия және Еуропа нарықтарына шығу жолдары қарастырылды, сондай-ақ, Түркияның жерорта айлақтарын, Сирияны Иорданияның Ақаба айлағымен жалғау басьамасы көтерілді. Қол жеткізілген уағдаластықтардың негізгі тірегі - шекара өткелдерін толыққанды экономикалық хабтарға айналдыруға, логистиканы жеңілдетуге және өңірлік жеткізу тізбектерін нығайтуға бағытталған үш жылдық жол картасы. Бір кездері Дамашықты қасиетті Мәдинамен байланыстырған Хижаз темір жолын - ХХ ғасырдың басындағы аты аңызға айналған осман магистралін қайта құру үшін теміржол секторы басты назарда тұр. Қазіргі заманғы пайымдауда бұл бағыт Түркияның оңтүстік аудандарын Қызыл теңіздегі Ақаба (Иордания аумағында) айлағымен байланыстыратын жоғары технологиялық көлік дәлізіне айналуы тиіс. Болашақта аталған желі Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына дейін ұзартылуы мүмкін. Егер ұзартылса, бұл жүк тасымалдауға арналған шығындарды едәуір азайтуға және ішкі және жағалау маңындағы аудандар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Иордания көлік министрі Нидал Катамине бұл келісімнің мультимодалдық тасымалдарды дамыту және жеке сектормен серіктестікті кеңейту есебінен оның елін өңірлік логистикалық торапқа айналдыру жөніндегі анағұрлым ауқымды стратегияға сәйкес келетінін атап өтті. Ал түрік әріптесі Әбдіқадыр Оралоғлының айтуынша, Түркия-Сирия-Иордания осінің толыққанды жандануы экспорт әлеуетін және транзиттік кірісті едәуір ұлғайтуға жол ашады. Келісімге қол қойылған күні алғашқы нақты қадамдар жасалды: алғашқы иорданиялық жүк көлігі Сирия аумағы арқылы Түркияға аттанды, осылайша Сириядағы соғыстың он үш жылында тоқтатылған коммерциялық қатынасты қалпына келтіруге талпыныс іс жүзінде көрініс тапты.