Үш мемлекет Нілдің суын бөлісе алмай жатыр
Үш мемлекет Нілдің суын бөлісе алмай жатыр
6 жыл бұрын 4589 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кеше әне алдыңғы күні, яғни, екі күн қатарынан Мысыр, Судан және Эфиопияның су ресурсы министрлері Эфиопия астанасы - Аддис-Абеба қаласында Ніл өзенінің суына қатысты келіссөздер жүргізді. Бұл кездесу мен келіссөздерде Эфиопия аумағындағы Нілдің құяр сағаларының бірінен саналатын Көгілдір Ніл өзенінде «Хидасэ» гидро-электр стансасының құрылысы басты тақырыпқа айналды. Мысырдың MENA ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, тараптар бұл келіссөзде ортақ шешімге келе алмаған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Эфиопия аумағындағы аталған ГЭС құрылысы 2011 жылы басталған болатын. Аталмыш елдің билігі бұл ауқымды жобаға үлкен үміт артып отыр. Экономикасының дамуына серпін беретін жоба ретінде. Ал Мысыр мен Судан тарапы бұл ГЭС-тің Ніл суының ортаюына апарып соқтырады, бұл өз кезегінде аталған екі елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Өйткені, Ніл суы аймақтағы бірден-бір тұшшы су көзі. Эфиопия өз аумағындағы ГЭС құрылысын тоқтата ма - ол жағы айтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат