Үш ғасырлық тарихы бар мешітті электрден ажыратып тастады
Үш ғасырлық тарихы бар мешітті электрден ажыратып тастады
2 жыл бұрын 1269 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында оңшыл үнді радикалдарының көзқұртына айналған, 17-ші ғасырда тұрғызылған тарихи мешітті электр желісінен ажыратып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Times of India дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған дейін бір топ үнді ұлтшылдары XVII ғасырға тән Матхура мешітін пұт құдайлардың бірінің нақты туған жері деп сотқа беріп, осы негізде мұсылмандардың ғибадат ғимаратын сүріп тастауды талап еткен болатын. Идгах мешіті 1669-1970 жылдары мұсылман билеушісі Аурангзеб тұсында салынған. Алайда, үнді радикалдары Кришна мешіттің орнында дүниеге келген деп мәлімдеуден танбай отыр. Шенеуніктер олардың ұстанымына бейресми түрде қолдау көрсетіп отыр. Жексенбі күні Идгах мешітінде электр қуаты үзілді - жергілікті билік XVII ғасырда салынған ғимаратқа электр қуаты заңсыз берілген деп мәлімдейді.

0 пікір
Мұрағат