Үрміз бұғазы соғыстың тағдырын шешуі мүмкін
Үрміз бұғазы соғыстың тағдырын шешуі мүмкін
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Stringer / Reuters

Егер Америка құрама штаттары мен Израил осы соғыста жаһандық сауда-саттық күретамырларының бірі - Үрміз бұғазын Иран бақылауынан шығара алмаса, онда әлем қауымдастығы мұны АҚШ-тың стратегиялық жеңілісі ретінде қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіндегі жарияланған Стивен Коллинсон есімді тілшінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген америкалық сарапшы аталмыш бұғаз Иранның қосымша кіріс көзіне айналатынын алға тартып отыр. Дәлірегі, Иран билігі бұғаздан өткен танкерлер мен өзге де жүк кемелерінен алым салуға көшетінін тілге тиек етті. Үрміз бұғазын қайтара алмаса да АҚШ тарапы соғысты ұзаққа соза алмайды. Шығыны артып, тиімсіз ұрысқа айналатындықтан АҚШ-тың өз ішінде Ақ үй қожайынының бұл қадамын “май шаммен қарауы” мүмкін. Өйткені, АҚШ-та Иранмен арадағы қарулы қақтығысқа наразы топтар көбейіп, осы соғыстың кесірінен Үрміз бұғазының бұғатталуына байланысты әлем қауымдастығының қарсылығы күшейіп келеді.

Ұқсас материал:

Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады

0 пікір
Мұрағат