Үндістанның халқы ең тығыз штаты медресені заңнан тысқары деп жариялады
Үндістанның халқы ең тығыз штаты  медресені заңнан тысқары деп жариялады
9 ай бұрын 981 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістан мұсылмандары тұрғындар қарасы ең көп штаты – Уттар-Прадештегі медреселерге салынған тыйымға наразылық білдіруде. Бұрынырақта, дәлірегі, наурыз айында үнді соты аталмыш штаттағы медреселер қызметіне тыйым салған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Yahoo!News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сот шешімі Үндістанның конституциялық зайырлы құрылымына нұқсан келтіреді, деген айыппен Уттар-Прадеш штатындағы медреселердің мәртебесін реттейтін 2004 жылғы заңның күшін жойды. Сот штаттағы ислам мектептеріндегі барлық студенттерді кәдімгі орта мектептерге ауыстыруға пәрмен берген еді. Аллаабад жоғарғы сотының солақай шешімі 25 000 медреседегі 2,7 миллион студент пен ондаған мың мұғалімнің тағдырын тәлкекке салып отыр, деп түсіндірді Уттар-Прадеш медресесінің басқарма төрағасы Ифтихар Ахмет Жауед. Айта кетейік, Уттар-Прадеш штатында 240 миллион халықтың бестен бірін мұсылмандар құрайды.

0 пікір
Мұрағат