|
Үндістандық азамат селфиге түсу үшін қызметінен кетті
|
Үндістанның Хайдарабад қаласының 24 жастағы тұрғыны Бхану Пракаш «пайдалы іспен» шұғылдану – селфиден әлем рекордын жасау үшін ауруханадағы жұмысын тәрк еткен, деп хабарлайды nur.kz сайты Vesti.ru порталына сілтеме жасай отырып.
Пракаш 18 қыркүйек күні 1 сағат ішінде 1800 автопортретке түсуді жоспарлап отыр.
«Мен көше бойлап келе жатыр едім, жас балалар Дуэйн Джонсон есімді азаматтың 3 минутта 105 селфи жасап, рекорд жасағанын айтып тұр екен. Үйге келген бойда осы салада жетістікке жеткен өзге де рекордшылар жайлы деректерді ақтарып шықтым», – дейді Пракаш.
Қазіргі кезде селфиден әлем рекорды әйгілі америкалық футболшы Патрик Петерсонға тиесілі екен. Ол 1 сағат ішінде 1449 рет селфи жасаған.
Пракаштың айтуынша, қазір ол 60 минутта 1700 автопортрет жасап жүрген көрінеді. 18 қыркүйек күні ол бұл нәтижесін жақсарта түсемін деп отыр.