Үндістанда тағы бір мешіт пен 500 жылдық тарихы бар зират сүрілді (видео)
Үндістанда тағы бір мешіт пен 500 жылдық тарихы бар зират сүрілді (видео)
4 күн бұрын 620 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Гүжарат штатында жергілікті биліктің пәрменімен мешіт пен бес жылдық тарихы бар бейітті сүрілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Muslim Mirror ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сорақылық заңсыз салынған ғимараттар жол құрылысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда ел бойынша алдын ала рұқсат алмай, кез келген ғимаратты бұзуға тыйым салатын жоғарғы соттың жуырдағы шешіміне қарамастан орын алды. Үндістанның жоғарғы сотының шешімін елемеген Гүжарат әкімшілігі пұтхана кешенін кеңейту жобасын жүзеге асыру үшін әйгілі Сомнат храмының жанындағы діни ғимараттарды бұзуды жалғастыруда.  Жергілікті мұсылмандар үшін қасиетті саналатын 500 жылдық мешіт пен мұсылман зиратын бұзуға билік тарапынан 1200 полиция жұмылдырылды. Наразылық танытқан жергілікті мұсылмандардан 70 адам тұтқындалды.

 

0 пікір
Мұрағат