|
Үндістанда «қайтыс» болған қария өртеніп кете жаздады
|
Үндістанның Бхилвара қаласының қарт тұрғыны «қайтыс» болып, туыстары оны өртейін деп жатқан жерінде есін жиды. Бұл жайында nur.kz сайты BAQ.KZ порталына сілтеме жасап, хабар таратты. Ал BAQ.KZ өз кезегінде The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасаған.
72 жастағы Дипак Сингх өз үйінің ауласында сиырларға жем беріп жүріп, есінен танып қалған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғандығын айтқан. Туыстары оны ақтық сапарға дайындап, жоқтау айтып отырғанда қария есін жиған көрінеді. Сингх көзін ашқанда өзін өртеуге арналған табытта жатқанын байқаған. Қарияның немересі Банда Налваның айтуынша, Сингх жоқтау айтқандардың дауысынан есін жиған. Енді бірер минут кешіккенінде қарияның ажалы оттан болғандай екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Корей косметикасы халал стандартына көшеді
■
Жасанды зердеге арқа сүйеген дәрігерлердің білікітілігі төмендеп барады
■
Араб елінде денсаулыққа қауіпті улы заттар кездесетін смоланы тағамға арналған қыш ыдыстарды пайдалануға тыйым салынды
■
Кір жұқпайтын киімдер жасалады (видео)
■
Азия елінде өткен жылы 17 мыңнан аса алжу ауруынан зардап шегетін науқас жоғалды