|
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
|
Үндістан мемлекеттік шекарасын қорғаудың ерекше жүйесін енгізуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Hindu мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш басылымның хабарлауынша, елдің ішкі істер министрлігі шекара қызметіне шекараның осал тұстарында қолтырауындар мен жыландарды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Шекараны кесіп өтумен байланысты заңсыздықтың алдын алу үшін. Дәлірегі, бұл арада Үндістан мен Бангладеш арасындағы адая аяғы жете бермейтін қиын жолдарды жыртқыш жануарлармен қорғау турасында сөз болып отыр. Жалпы ұзындығы 4096 шақырымға созылып жатқан үнді-бангладеш мемлекеттік шекарасында батпақты, ойлы-қырлы жерлер көп. Үндістанға ең көп келеиін мигранттар арасында бангладештіктер қарасы көп. Бұдан бөлек, үнді-юангладеш шекарасының осал тұстары есірткі саудасының, жасанды валюта мен қару-жарақтың заңсыз кіріс көзіне айналған. Десе де жыртқыштармен шекараны қорғаудың өз кемшіліктері жоқ емес: ең алдымен жергілікті халық зардап шегуі мүмкін, екіншіден, шекараның таулы аймақтарында тасқын-сел жиі жүретіндіктен жыртқыштар сумен бірге шайылып кетуі мүмкін. Әзірге бұл бастама мемлекеттік шекараны қорғауға қатысты қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі ретінде ел назарын өзіне аударып отыр.