Үндістанда дінге шақыруға қатысты заң қатайтылды: тіпті, цифрлы насихаттың өзіне тыйым салынды
Үндістанда дінге шақыруға қатысты заң қатайтылды: тіпті, цифрлы насихаттың өзіне тыйым салынды
3 ай бұрын 590 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның солтүстігінде орын тепкен Уттаракхан штатында тамыз айының орта шенінде қандай да бір дінге шақыруға қатысты заң талаптары қатайтылды. Соның ішінде цифрлы арналар арқылы дінді насихаттауға қатаң тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде persecution.org ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш елде алғаш рет заң үстемдігі цифрлы ортаға да жүретін шара қабылданды. Бұдан былай әлеуметтік желі, мессенджер және өзге де онлайн платформалар арқылы дінге шақыру заңға қайшы әрекет ретінде бағаланады. Uttarakhand Freedom of Religion (Amendment) Bill ережесіне енгізілген түзетуге сәйкес мұндай тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аталған штат билігі дінге шақыру астарында демографиялық өзгеріс жатыр, яғни, ұлтты ұйыстыратын негізгі наным-сенімдегілерді өзге дінге тарту арқылы қоғамда жік түсіреді, деп есептейді. Бұл тараптағы заң қабылданса, оған енгізілген түзетуге сәйкес наным-сенімі бөлек адамды өзге дінге шақырған тұлғаға кем дегенде, әйтпесе 20 жылға дейін, кей жағдайларда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазіргі уақытта өзге дінді насихаттағандарға ары кеткенде 10 дылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұдан бөлек, 575 доллар айыппұл салынады; ордерсіз тұтқындалады және мүлкі тәркіленеді. Дінге шақыру ұғымы да кеңйтілген: тек насихат қана емес, діни мекемелерде тегін білім беру, сыйлық тарту ету, неке арқылы дінін өзгерту, т.б. факторлар қаперге алынады. Сондай-ақ, наным-сенімі өзге болғаны үшін кемсітуге, тіл тигізуге, т.б. тыйым салынады. Гималай тауының етегінде орналасқан Уттаракхан штаты үнді наным-сенімдегілердің аса ірі орталығы. Дегенмен, бұл аумақта XVII ғасырдан бері христиандық та өркен жайған. Десе де құқық қорғаушылар мен сарапшылар бұл заңды сынға алып отыр: діни азшылықты құрайтындарды қудалаудың бір құралы немесе түрі деп санайды.

0 пікір
Мұрағат