Үндістанда аптап ыстықтан 500 адам көз жұмды
Үндістанда аптап ыстықтан 500 адам көз жұмды
10 жыл бұрын 3436

Ауа температурасының тым қатты жоғарылауы салдарынан Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш пен Телангана штаттарында соңғы төрт күннің ішінде 500 адам қаза тапқан. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 24 мамырдағы жағдай бойынша, қатты ыстықтан бұл елдің оңтүстігінде 165 адам көз жұмды, олардың басым бөлігі - қара жұмысшылар. Ең жоғары ауа температурасы Андхра-Прадеш штатындағы Мачилипатнам мен Туни қалаларында тіркелді - 47 градус. Метеорологтардың мәліметінше, таяуда ауа температурасы одан әрі жоғарылайды. Ыстықтан зардап шегіп отырған штаттардың билігі адамдарды сақ болуға шақырып, көшеге шықпауға тырысуды ескертіп жатыр. Жағдайды көпшілік аудандағы су тапшылығы қиындатып отыр.

Бұған дейін БАҚ қатты ыстықтан 150 адамның қаза болғаны туралы хабарлады, кейін олардың саны 335-ке жеткені мәлім болды. Айта кетейік, Үндістанның бірқатар аймағы үшін бұл уақытта ауа температурасының 40 градустан асуы қалыпты жағдай, кей жерлерде наурыздан маусымға дейін құрғақшылық маусымы болып, кейін жаңбырлы маусыммен алмасады. Ең құрғақ әрі ыстық кезең - сәуір мен мамыр аралығында. Бұған дейін рекордты жоғары ауа температурасы 1947 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы 47,2 градусқа дейін жетті.

0 пікір
Мұрағат