Үндістан құнды қағаздар нарығы бойынша әлемде төртінші орынға шықты
Үндістан құнды қағаздар нарығы бойынша әлемде төртінші орынға шықты
11 ай бұрын 781 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның ұлттық қор биржасында (National Stock Exchange of India, NSE) және Бомбей қор биржасында (Bombay Stock Exchange, BSE) қаңтар айының 22-де үнді биржаларында жарияланған акциялардың жалпы құны $4,33 триллионға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша, Үндістанның қор нарығы осы көрсеткіш бойынша алғаш рет Гонконгты (4,29 триллион доллар) бірнеше жылғы позициясынан ығыстырып, әлемдегі төртінші ірі бағалы қағаздар нарығына айналды. Сонымен бірге, үнділік қор биржаларының капиталы 2023 жылдың  желтоқсан айының 5-де алғаш рет 4 триллион долларға жеткен. Үндістандағы қор нарығы инвесторлардың көбеюі мен күшті корпоративтік кірістің арқасында өркендеп келеді. Азия елі экономикасы әлемдегі ең шапшаң дамып келе жатқан экономика, бұл фактор шетелдік инвесторлар мен компаниялардан қаражат тартуға ықпал етуде. Осылайша Үндістан бұл тарапта Қытаймен бәсекелес елге айналып келеді. Жаһандық нарықтардағы инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізуді жеңілдететін биржалық қорлар ұйымы - Global X ETF компаниясының бас директоры Ебан Меткалф Үндістан экономикасының өрлеуіне ықпал етіп отырған екі негізгі факторды атады: демография мен аталған ел билігінің реформаларды сәтті жүргізуі. Керісінше Қытайдағы жағдай мәз емес: билік тарапынан бизнеске қысым көрсетілуі, жылжымайтын мүлік саласындағы дағдарыс және Батыспен арадағы геосаяси шиеленіс секілді факторлардан Гонконгтың қор нарығы құлдырап кеткен. 2021 жылы шарықтау шегінен бері онда тізімделген барлық акциялардың нарықтық капитализациясы 6 триллион доллардан астамға құлдыраған.

0 пікір
Мұрағат