|
Үндістан Пәкістанмен арадағы шекарада жаңа тактикалық зымыран жүйесін орналастырады
|
Үндістанның қорғаныс министрлігі Қытаймен және Пәкістанмен арадағы шекара маңында орналастырылатын соңғы Pralay тактикалық зымыранының 120 данасын сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Ani ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, тактикалық зымырандарды көрші елдермен шекара маңында қашан орналастыратыны, яғни, нақты мерзімі айтылмаған. Pralay зымыраны 150-ден 500 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысаналарды ата алады, оқтұмсықтың салмағы 350-ден 700 келіге дейін тартады, зымыранды шахталарда да, жылжымалы зымыран жүйелерінде де орналастыруға болады. Pralay зымыранымен Үндістанның әуе-әскери күштері әлі күнге қаруланбаған. Ол үшін аталған зымыран алдымен міндетті сертификаттаудан өтуі тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...