Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық бүкіл әлемге несімен қауіп төндіреді?
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық бүкіл әлемге несімен қауіп төндіреді?
6 жыл бұрын 5576

Кашмир – әлемдегі ең милитаризацияланған аймақтардың бірі, сондай-ақ Үндістан мен Пәкістан – екі ядролық державаның бір-біріне қарсы тұрып, қақтығыс жасайтын ең тұрақсыз шиеленіс нүктесі, деп жазады Stan.kz BBC сілтеме жасап.

Ал Пәкістанның Кашмир аймағындағы Үндістанның әуе шабуылы жағдайды айтарлықтай қиындатты.

Үндістанда соққы «Джаиш-е-Мұхаммед» (Мұхаммед әскері) тобының ең үлкен оқу-жаттығу алаңына жіберілген деп айтылуда. «Джаиш-е-Мұхаммед» Үндістан жасағын қыруға және 14 ақпан күні 46 әскериді өлтіргені үшін жауапты болды.

Осы оқиғадан кейін Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе шабуылына қажетті деп санаған кезде және қажетті деп есептеген уақытта жауап беретіндерін мәлімдеді.

Ал, шиеленіс – аймақтағы зардап шеккендердің санының артуына байланысты болып отыр. 2018 жылы Кашмирде бейбіт тұрғындар, қауіпсіздік күштері мен мигранттар, жалпы 500-ден астам адам қаза тапты. Бұл осы онжылдықтың кез келген жылында болмаған жағдай.

Кашмирдегі жағдай неліктен қауіпті?

Үндістан мен Пәкістан арасындағы алғашқы қақтығыс 1947-1948 жылдары Үндістан британдық тәжден тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай және Пәкістан әлем картасында пайда болғаннан кейін басталды.

Қазір Кашмирдің аумағы аймақтарға бөлінді. Үндістан мен Пәкістан аймақтың түрлі бөліктерін басқарады, сондай-ақ Қытай да оның бір бөлігін басқарып отыр.

Бірақ, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас жақын уақытта жақсарады деп күтудің қажеті жоқ. Екі елде де ядролық қару бар, ал олардың арасындағы кез-келген жаңа қақтығыстар жаңа өлшемге ие болады.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың ауырпалығын негізінен жергілікті тұрғындар сезінеді. 1947 және 1965 жылдардағы екі соғысқа қарсы күрес тарихында, бірнеше әскери операцияларда, әсіресе әскерилер мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалды.

Соның тәтижесінде бүгінгі таңда аймақтың экономикасы мен саяси жағдайы да тұрақсыз. Ал Кашмирде жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Британия парламентінің өкілі лорд Назир Ахмедтің және Кашмирдегі маманның айтуынша, аймақ терроризмнің ұясына айналған.
Лорд Ахмед секілді сарапшылардың пікірінше, Кашмирдегі тұрақты қақтығысты елемеу, «Ислам мемлекеті» және «Талибан» сияқты топтармен күресуді қиындатады.

Кашмир кімдікі?

1947 жылы Британия Үндістанды билеуін аяқтағанға дейін де Кашмир даулы аумақ болған. Сонда Британия субконтинентті екі бөлікке бөлді. Индуистік Үндістан мен мұсылман дінін ұстанатын Пәкістанға.

Бастапқыда Махараджа Кашмир қай мемлекеттің аумағына қосылатынын шеше алмады. Ал оның референдум өткізуге мүмкіндігі болмады. Ақырында, ол Үнді Одағына кіруге мойынсұнып еді, бірақ тым кеш болды.

Сөйтіп, Үндістан мен Пәкістан осы аймақ үшін екі жылға созылған соғысты бастап кетті.
Ал екі ел уақытша бітімге келген кезде, Пәкістан әскерін шығарудан бас тартты және Кашмир екі бөлікке бөлінді.

Осы қарсылықтың аясында, аймақтың бір бөлігін біртіндеп Қытай иелене бастады. 1950 жылдан бастап, Кашмирдің Ақсайчин деп аталатын шығыс бөлігін Қытай басқарып келеді. Ал Үндістан да осы бөлікке көз тігіп отыр.

Пәкістан мен Үндістан арасындағы екінші соғыс 1965 жылы басталды. 1980-1990 жылдар аралығында билеуші режимге қанағаттанбау қарулы қақтығыстардың пайда болуына, қарулы шабуылдарға, жаппай наразылықтарға және Пәкістанның қарулы топтарының санын көбейтуге әкелді.

1999 жылы – Үндістан мен Пәкістан ядролық қару иеленетіндерін хабарлады. Сонда Үндістан билігі қайтадан тез бітетін ұрыстарға, бірақ Пәкістан қолдаған Каргильдегі күштермен жойқын қақтығысқа түсуге мәжбүр болды. Бірақ, пәкістандық тарап ресми түрде, ол жанжалға қатыспағанын мәлімдеді.

Кашмир үшін болған күрестің алғашқы күнінде-ақ бірнеше ондаған мың адам қырылды.

Кашмирліктерге не керек?

1950-ші жылдардан бері БҰҰ саяси шешімдерді қабылдауда жергілікті тұрғындардың пікірін ескеру үшін Кашмирде референдум өткізуге шақырып келеді.

Бастапқыда бұл идеяны Үндістан да қолдады, бірақ, содан кейін сайлау Кашмирдің «үндістандық» бөлігінде өтеді деп, референдум өткізудің қажеті жоқ деп шешті.

Ал Пәкістан бұнымен келіспейді және аймақтағы көптеген тұрғындар Үндістанның бақылауында өмір сүргісі келмейді, оның орнына Пәкістанда немесе тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенді қалайды деп санайды.

Айта кетейік, Кашмирдің «үнді» бөлігінің халқының 60%-ы мұсылмандар. Бұл мұсылмандар көп тұратын Үндістандағы жалғыз штат.

0 пікір
Мұрағат