Үндістан күн энергетикасына байланысты орасан зор қиындықпен бетпе-бет келмек
Үндістан күн энергетикасына байланысты орасан зор қиындықпен бетпе-бет келмек
1 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күн энергиясын өндіру бойынша әлемде үшінші орыннан көрінген Үндістан күн панелдерінің қоқысын жоюмен байланысты аса ауқымды қиындықпен бетпе-бет келеді. Бұл жайында islam.kz порталы New-Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің энергетика, қоршаған орта және су ресурстары жөніндегі кеңеске (CEEW) қарайтын талдау орталығының таяудағы зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2047 жылға таман күн панелдерінің қоқысы бұл елде 11 млн тоннаға жуықтайды. Он жыл ішінде Үндістанның жаңғыртпалы энергия көздері, соның ішінде күн энергетикасы бойынша алғашқы үштік құрамына енуіне мүмкіндік берген және елдің энергия қуатының 20% -дан астамын қамтамасыз еткен күн энергетикасының қарқынды өсуі өзінің «қараңғы жағына» ие. 2010 жылдардың орта шенінде салынған алғашқы ірі күн парктері өздерінің ширек ғасырдағы өмірлік циклінің соңына жақындап қалды. Бұл ретте Үндістанның ұлттық бюджеті де, қалдықтардың алдағы толқынын өңдеу үшін қажетті өнеркәсіптік қуаты да жоқ. Қазiргi уақытта кәдеге жарату қолдан жүргiзiледi және мұндай шара қоршаған орта үшiн қауiптi. Лицензияланбаған үйінділерде жұмысшылар алюмини жақтаулар мен шыныны ғана алады, ал панелдердегі қорғасын мен кадмий сияқты уытты заттар топыраққа және жер асты суларына түседі. 2022 жылдан бастап Үндістанда өндірушілерді электрондық қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысуға міндеттейтін ережелер қолданылғанымен орындала бермейді, әсіресе, тұрмыстық панелдерді кәдеге жаратуда олқылықтар көп. Сарапшылар бұл дағдарыстан шығудың жолын атап өтті, дәлірегі, панел қоқыстан экономикалық пайда табу мүмкіндігін көріп отыр. Қайта өңдеудің жоғары технологиялық жүйесін құру өз кезегінде құнды материалдарды - күмісті, мысты, кремниді алып, жаңа панелдер өндіруде пайдалануға мүмкіндік берер еді. Ол үшін, бұл тараптағы зерттеуде атап көрсетілгендей, елге 300-ге жуық қайта өңдеу орталықтарынан тұратын желі құру және алдағы жиырма жыл ішінде шамамен 478 миллион доллар инвестиция салу қажет болады.

0 пікір
Мұрағат