Үндістан да Қытайдан қалыспай, африкалық елдерді несиемен матап тастады
|
Соңғы жылдары Үндістан билігі Қытаймен бәсекелесіп, Африка құрлығындағы елдерге несие беруді күрт ұлғайтқан. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үндістанның экспорт-импорт банкісінің меңгеруші директоры Харши Бангаридің келтірген дерегіне қарағанда, африкалық 42 ел Үндістаннан жалпы сомасы шамамен 32 млрд доллар қарыз алған. Осылайша Үндістан Қытайдан кейін Африка елдеріне берген несие мөлшері бойынша екінші ел. Осылайша экономикасы өркендеп келе жатқан Үндістан Африка қойнауындағы ресурсқа мұқтаж. Нью-Делидің Бейжіңмен бәсекелестікте айтарлықтай жетістіктерге жеткенін де айта кету керек. Оңтүстік Азия елі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы жобаларға шамамен 12 миллиард долларға жалпы сомасы 195 несие желісін ашты, оны Африканың бірқатар елдері пайдаланды. Сонымен қатар, Азия мемлекеттері соңғы он жылда Үндістаннан үш есе аз қаржылық көмек алған екен.