Үнділер үшін мұсылмандар сиыр етінен қағылмақ
|
Естеріңізде болса, осыдан үш күн бұрын өздеріңізге Харьян штатында ет саудасымен айналысатын үнді мұсылманын сиырға табынатындардың сабап кеткені жайында хабарлаған едік. Нақтырақ айтқанда, үнділердің ультраоңшыл Вишва Хинду Паришад ұйымы сиыр етін сатқан мұсылманды таяққа жыққан болатын. Радикалдардың кесірінен ондаған мұсылман отбасының өзге елдімекенге көшіп кеткенін де хабарлаған едік. Жуырда орын алған осынау келеңсіз оқиғаға байланысты Гуджарат штатындағы Жамиат Үлем-Хинд бөлімшесі арнайы штат құратын болды. Оның міндеті – мұсылмандардың сиыр етін тұтынуына жол бермеу. Осылайша, мұсылмандарды радикалдардың әпербақан әрекетінен қорғауды мақсат етіп отыр. Хабарға қарағанда, Гау Хифазат («сиырларды қорғау жөніндегі») комитет осы бағытта мұсылмандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.