Үнді соты радикалдардың мешіт ішінде пұттарды мадақтаған әрекетін ақтап алды
Үнді соты радикалдардың мешіт ішінде пұттарды мадақтаған әрекетін ақтап алды
1 ай бұрын 1036 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Карнатака штатының соты жергілікті мешіт ішінде «Жай Шри Рам» деп пұтқа табынушылардың ұранын айқайлап айтқан екі радикалды үндінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде NDTV ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айыпталушының апелляциялық шағымын қараған сот алқасы өз шешімінде «Жай Шри Рам» (пұт құдайын мадақтау) деп ұрандатқандар бұл әрекетімен ешкімнің ар-ожданын тимегенін алға тартып отыр. Тіпті, мешіт ішінде қасақана айқайлап айтса да мұсылмандардың діни сеніміне тіл тигізбеген болып саналады. Айыпталушылар Үндістанның қылмыстық кодексінің баса-көктеп кіру, қауіп төндіру және діни сенімді қорлаумен байланысты баптар бойынша жауапкершілікке тартылған еді. Алайда, Карнатаки соты радикалдардың мұндай әрекеті жоғарыда аталған қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді деп тауып, істі жапты.

0 пікір
Мұрағат