Үнді радикалдары мұсылманды балтамен шауып тастады
Үнді радикалдары мұсылманды балтамен шауып тастады
10 жыл бұрын 3495

Естеріңізде болса, кеше Үндістанның Харьян штатына қарасты Атали елді-мекенінде үнді радикалдарының мұсылмандарға мешіт құрылысын тоқтатпағаны үшін шабуыл жасағанын және полицияның діни алауыздыққа жол берген қылмыскерлерді тұтқындамай отырғандығы жайында хабар таратқан едік. Полицияның діни алауыздыққа жол берілгеніне көзжұмбайлық жасап, алалаушылыққа барғанына арқаланды ма, үнді радикалдары өткендегідей мұсылмандардың үйі мен мешітін өртеумен шектеліп қалмай, енді мұсылмандардың өміріне қауіп төндіре бастады. Нақтырақ айтқанда, 60 жастағы Хасан Мұхаммед есімді мұсылманды малды өріске айдап бара жатқан жерінде төрт радикал балтамен жарақаттаған. Полиция дер кезінде келіп үлгермегеде аман қалуы екіталай еді. Бұл жайыда «Indian Express» ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат